«Наурыз айы туғанда»
Наурыз айының 18-жұлдызында жылы мәдениет үйінің «Coworking» орталығында Ұлыстың ұлы күніне арналған «Наурыз айы туғанда…» атты мерекелік кеш өтті.
Кеш барысы: Наурыз мейрамы туралы бейнероликтен басталып, жүргізушілер кеш қонақтарына наурыз мерекесі туралы түрлі ақпараттар айтып,кешті көңілді етіп жүргізді.Әрі қарай мерекелік кешке Нұрасыл мен Кәусар өздерінің әсем әуендерін шырқады.Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік – ең қымбат нәрсе» атты мақаласында Наурыз мейрамын тойлау тұжырымдамасын жасаған болатын.Сол тұжырымдамаға сәйкес аудандандық балалар кітапханасы 18-наурыз – «Игі істер» күніне аудан көшесіне шығып,жұртшылыққа тойбастар таратып,сол күннен бейнеролик жасаған болатын.Сол «Игі істер» күні туралы бейнеролик,мерекелік кеште көрсетілді.Одан кейін наурыз мерекесіне арналған «Қош келдің,қазақтың Жаңа жылы» атты кітап көрмеге шолу жасалды.
Кеш ортасына қарай, 19-наурыз – «Шымырлық пен шеберлік» күніне орай «Қ.Боранбаев атындағы негізгі мектебінің» дене шынықтыру пәнің мұғалімі Ерубаев Дәурен Советұлы мен шәкірттері «Бес тас» ойынынан кеш қонақтарына шеберлік көрсетті. Ал кешке арнайы келген Яхияқызы Аружан қобыз аспабымен «Ақ сиса» күйін орындап берді.Шеберлік күніне арнап ауданымызда ою-өрнекті дәріптеп жүрген, ақ жаулықты анамыз Күләй Жайғалғанқызы апамыз қонақтарға «қошқар мүйіз» оюын оюды көрсетті.Кешке келген кішкентай қыздарымыз үлкен қызығушылықпен,апамыздың өнерін тамашалады.Ал 20-наурыз «Зияткерлік» күніне арнап, қонақтармен «Наурыз туралы білесің бе?» викториналық ойыны, «Мақалды жалғастыр, жаңылпашты жаңылмай айт, жұмбақтың жауабын тап» деген түрлі ойындар ойналды.Әрбір жауап берген оқырмандарға сый-кәделер,тәтті салынған тойбастарлар таратылды.Кештің ең соңғы,әрі қызықты бөлімі ол: аудандық балалар кітапханасы балалар жылына арнап дайындаған «Ең танымды эмблема» байқауының қорытындысы болды.Орын алған жүлдегерлерді «Бұқар жырау аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің» директоры Жексенбаева Айгүл Мукарамқызы марапаттады. Байқау қорытындысы бойынша,1- орынды Хамит Алдияр, 2-орынды Аскаров Дэмир, 3-орынды Әуезхан Арслан жеңіп алды. Кеш соңы:жеңімпаздар құрметіне арнап, «Шұғыла» би тобы әсем би билеп, қонақтар наурыз мерекесіне арнайы жайылған дастарханнан дәм татып,кешіміз жоғары деңгейде аяқталды.