Category: Жаңалықтар

жаңалықтар мен оқиғалар

Айналаңнан жаңа көктем лебі ескенБұл кезеңде күн менен түн теңескенСан ғасырлық ата –баба салтынаКөпір болған Наурыз өзің емес пе ең?Таулы, таусыз жерімнің,Өзен, теңіз көлімніңЖаса ұлы НаурызыЖаңа жылы елімнің.«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасының «Оқитын​ ұлт» жобасы аясында​ «Наурыз шуағы» декадасы бойынша зияткерлік​ күніне​ орай​ халықтың​ кітап​ оқу​ белсенділігін​ арттыру​ мақсатында аудандық​ орталық​ үлгілі​ кітапханасы​ ұйымдастырып отырған «1 минут» интеллектуалдық​ аудандық​ сайысы 18 наурыз күні Мәдениет үйінде өтті. Ботақара кентінен Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы тірек мектебінің мұғалімдері мен оқушыларынан құралған «Бірлік» тобы және Қарақұдық ауылының намысын қорғаған «Тәуекел» тобы ​ қатысты. Бұл сайыс білім, зейін, зерде сияқты игі амалдарымен қатар жылдамдықты да талап етеді. Сайыс 4 кезеңде өтті. Бірінші және екінші кезеңдерде сайыскерлерге сұрақтар мен бейнесұрақтар қойылды, ал үшінші кезең «Кітап ашылмаған құпия». Бұл кезеңде қатысушыларға экраннан буктрейлер көрсетіліп, кітаптың қысқа ғана сюжеті көрсетілді, сайыскерлеріміз сол сюжеттен кітаптың атауы мен авторын табу керек болды. Қатысушыларымыздың дайындық деңгейі жоғары болғандықтан, барлық сұрақтарға да толыққанды жауап беріп отырды. Төртінші кезең, бұл сайыстың шешуші кезеңі болды. Сайыскерлерімізге алдын ала «Наурыз бата» үй тапсырмасы берілген болатын. Сайымыз өз мәресіне жеткен соң әділ-қазылар жеңімпаздарды марапаттап, сайыс туралы қысқаша өз ойларымен бөлісіп, келе жатқан мейраммен құттықтады. Білім деген биік шың,Бақытқа сені жеткізер.Білім деген ақылшың,Қиындықтан өткізер. Ел болашағын дамытар, халқының қамын жейтін еңбекқор, білімді, өресі биік өрендеріміз көп болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, көк туымыз мәңгілік жілбірей берсін. Қазақтың Жаңа жылы құтты болсын!

«Наурыз айы туғанда…» атты мерекелік кеш

«Наурыз айы туғанда» Наурыз айының 18-жұлдызында жылы мәдениет үйінің «Coworking» орталығында Ұлыстың ұлы күніне арналған «Наурыз айы туғанда…» атты мерекелік кеш өтті. Кеш барысы: Наурыз мейрамы туралы бейнероликтен басталып, жүргізушілер кеш қонақтарына наурыз мерекесі...

«Сыйынар ем ана деген тәңірге»

«Сыйынар ем ана деген тәңірге»

Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған, Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған, Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар, Сіздер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған – деген өлең жолдарымен наурыз айының 3 жұлдызында...

Яндекс.Метрика